KAZAKH INVEST және Түркия инвестиция тарту агенттігі тәжірибе алмасу бойынша онлайн-вебинар өткізді

KAZAKH INVEST және Түркия инвестиция тарту агенттігі тәжірибе алмасу бойынша онлайн-вебинар өткізді

Өзара тиімді серіктестік үшін негіз құру, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша жалпы қызметті жүзеге асыруда тиімділікті арттыру мақсатында KAZAKH INVEST түрік инвестициялар тарту агенттігі The Residency of the Republic of Turkey Investment Office-пен бірлескен онлайн – вебинар өткізді.

 Вебинарға Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, түрік инвестициялық ведомствосының Вице-президенті Ахмет Ихсан, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев, сондай-ақ екі агенттіктің қызметкерлері қатысты.

Бірінші сессия шеңберінде екі компанияның басшылығы қазақ және түрік халықтарының тарихи достық байланыстарын және елдердің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді өзара іс-қимылын атап өтті, сондай-ақ компания қызметінің негізгі бағыттары, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз сөзінде Ахмет Ихсан инвестиция тартудың тиімді стратегиясын әзірлеу қажеттілігіне назар аударды. Түрік Республикасының стратегиясы үш негізгі бағыттарға негізделеді: елдің инвестицияларға қажеттілігін бағалау, елдің қажеттілігін қанағаттандыру үшін инвестицияларды тартуға мұқтаж экономиканың басым салаларын айқындау және тарту стратегиясын әзірлеу. Инвестициялар тарту жөніндегі белсенді іс-шаралардың арқасында реформалар жүргізумен және ынталандыру тетіктерін енгізумен қатар 2003 жылдан бастап агенттіктің көмегімен елге 217 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарттылды.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша іс-шараларды өткізу қажеттігін қолдап, қазіргі жағдайда "қондыру" және жобаны табысты іске асыру үшін барынша күш салу аса маңызды екенін атап өтті. Ел Үкіметі қабылдаған іс-шаралардың арқасында 1992 жылдан бері Қазақстан өз экономикасына 340 миллиард тікелей шетелдік инвестиция тартты. Және инвесторларды қолдаудың қалыптасқан үш деңгейлі жүйесі шеңберінде KAZAKH INVEST-тің белсенді қолдауымен шетелдік инвесторларға жобаның бастамасынан бастап пайдалануға беру кезеңіне дейін және инвестициялаудан кейінгі кезеңде қызметтердің толық спектрі ұсынылады.

Келесі төрт онлайн-сессия барысында түрік және қазақстандық мамандар компаниялардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын қою мәселелерін, салалық басымдықтарды, инвестицияларды ілгерілету бойынша іс-шараларды, инвесторларды таргеттеу әдістерін, сапарларды ұйымдастыруды, шетелдік өкілдіктердің рөлін, инвесторларға ұсынылатын қызметтер тізбесін, сондай-ақ инвесторларды инвестициялаудан кейінгі сервистік қолдау мәселелерін талқылады.

Вебинардың әрбір бөлігінің соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өткізілді, оның барысында компания қызметкерлері барлық қызықтыратын сұрақтарды қойып, инвесторлармен жұмыс істеу бойынша ерекшеліктерді, оның ішінде салалық бағыттылық, өңірдің ерекшелігі, ықтимал тәуекелдер мен жеке салалар бойынша болжамдарды талқылады.

Сонымен қатар, вебинар барысында тараптар ағымдағы геосаяси шындықты, сондай-ақ короновирустық инфекцияның пандемиясымен жаһандық күрес нәтижелеріне туындаған сын-қатерлер мен қажеттіліктерді ескере отырып, екі елдің өзара іс-қимылының қазіргі заманғы көрінісін көрсететін басымдықтарды айтты. Онлайн-кездесу нәтижесі бойынша агенттіктер арасындағы өзара қарым-қатынасты тереңдету мүмкіндігін қарастыру және бірінші ресми сапарда жоғары деңгейдегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге