Медиа орталық

Қазақстан-Түркия бизнес-форумында қол қойылған меморандум туралы

Қазақстан-Түркия бизнес-форумында қол қойылған меморандум туралы

Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның Еуропаға және Ресейдің еуропалық бөлігіне ең жақын өңір екені белгілі.

Облысымыздың транзиттік әлеуетін пайдалану мақсатында, облыс әкімі Ғ.Есқалиев өзінің іссапарында Орал қаласында көлік-логистикалық хаб ашу туралы келісімге қол қойған болатын.

Облыс әкімі бизнесте халықаралық тәжірибесі бар SSistemLogistics түрік компаниясымен жобаны бастауға келісті. Жақын арада аталған компания жобаны қолға алмақ. Көлік-логистикалық хабтың бірінші кезеңін Орал қаласының әуежайындағы жүк терминалынан бастау жоспарланып отыр.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалана отырып, жүкті жеткізу құнын төмендету және жүкті жеткізу мерзімін қысқарту.

Көзі: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге