Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы – 1969 жылы туған. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «ғалым агроном», «заң ғылымдарының бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.
Мансап
Әр жылдары:
- Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін болады.