Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы. 

Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр.

Облыс 12 ауданға және Орал қаласына бөлінеді. Облыс орталығы 1613 жылы негізі қаланған Орал қаласында орналасқан. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584 жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км.

Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2019 жылдың басында 647 мың адам. 

Тұрғындардың жалпы санынан ұлттық құрамы бойынша:

  • қазақтар – 445 937 (71,4%)
  • орыстар – 140 096 (22,4%)
  • украиндықтар - 14 900 (2,4%)
  • татарлар – 9 039 (1,5%)
  • басқа ұлттар – 14 308 (2,3%)

Жағрафиясы

Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облыстарымен шекаралас:

  • солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен
  • шығыста — Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысымен
  • оңтүстікте — Қазақстан Республикасының Атырау облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен
  • батыста — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен
  • солтүстік батыста — Ресей Федерациясының Самара облысымен

Әкімшілік орталығы: Орал қаласы.

Ең ұзын өзен – Орал (Жайық), 2428 км. Өзеннің ұзындығы Қазақстан Республикасы көлемінде – 1082 км.

Ең ірі өзен – Шалқар (360 шаршы километр), Теректі ауданында орналасқан.

Ең ірі аудан – Ақжайық (25,2 мың шаршы километр).

Облыс Евразияның орталық бөлігінде, Қазақстанның солтүстік батысында орналасқан. Ресей Федерациясымен шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы 2423 километрді құрайды.

Аумақтың жер бедері жазық дала. Теңіз деңгейінің биіктігі облыстың солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай төмендейді. Аймақ жер бедері бойынша бірнешеге бөлінеді, соның ішінде – Жалпы сырт, Ембі үстірті, Каспий маңындағы ойпатты жерлер. Облыстың солтүстігінде және солтүстік шығысында Жалпы сырттың және Орал үстіртінің тау сілімдері бар. Оңтүстікте Каспий маңының ойпатты жерлерінің шегінде Нарынқұмның Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқа құм алаптары орналасқан.

Облыстың ең биік жері Ичка тауы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр.

Ауа-райы

Ауа-райы қатал континентальды. Барлық жыл бойына күшті желдер соғып тұрады, жазы құрғақ.

Орташа температурасы қаңтарда−14, ал шілдеде +25 ке дейін.

Жылдық жауын шашын көрсеткіші оңтүстік аймақта 250 мм, ал солтүстікте 400 мм ге дейін.

Аймақтың экономикасы

Батыс Қазақстан облысы республиканың аграрлық өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Облыс экономикасы негізін, үлес салмағы ВРП көлемінде 55,1% ға жететін өндірістік өндіруші құрайды. 
Нақты экономика секторындағы ең көп үлес салмағын кен өңдіру саласы   90% алып отыр, өңдеу саласының үлесіне 7,7% дан келеді, электрмен жабдықтау, газ беру, булы және ауа салқындатқыш – 1,9%, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, жиынды бақылау және қалдықты тарату – 0,4%.

Азық түлік өнімдерін өндіру (33,5%), мұнай өнімдерін қайта өңдеу (25,9%), машина жасау (16,3%), металлургиялық өнеркәсіп (5,6%) облыстың өңдеу өндірісінің құрылымындағы ең көп үлес салмағын алып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы астық өндіру және мал шаруашылық өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен қатар майлы және жарма дақылдары өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының негізі салалары ірі қара және қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы қосымша болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге