Біз қалай көмектесеміз

Құрметті инвестор,

Сізге Қазақстан Республикасының инвестиция тарту агенттігі – «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ үлкен құрмет білдіруге рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі. Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы стратегиялық орналасуы - Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақтың, сондай-ақ Қытай мен Каспий аймағы елдерінің ең негізгі нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның басты бәсекелестік артықшылықтарының бірі оның бай табиғи ресурстық базасы болып табылады. Біздің елімізде Менделеев кестесінін барлық дерлік элементтері бар, сонымен қатар жаңартылатын энергияны дамытудың орасан зор әлеуеті бар. Қазақстан ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті бойынша әлемдегі ТОП-5 елдерінің қатарына кіреді.

Инвестицияларды тарту және халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді серіктестік орнату - Қазақстан үкіметінің тұрақты басымдықтарының бірі. Инвестициялық жобаларға фискалдық (субсидиялар, салық жеңілдіктері және т.б.) және фискалдық емес жеңілдіктер (жер, инфрақұрылым) қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Сондықтан Қазақстан соңғы үш онжылдықта экономикамызға 417 миллиард доллардан астам инвестиция салған шетелдік компаниялар үшін ең тиімді әрі қолайлы аймақ болып саналады.

KAZAKH INVEST инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша толық қызмет спектрін көрсететін келіссөз жүргізушісі ретінде инвестиция салу жолыңызда қолдау көрсетуге дайын. Бізбен info@invest.gov.kz электрондық поштасы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласу арқылы +7-7172-620-620 байланыса аласыз.

Құрметпен,
Руслан Ибраимов
Басқарма төрағасының м.а.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ

KAZAKH INVEST қолдауы:

«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер алуға көмек көрсету «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер алуға көмек көрсету
Қазақстандағы инвестициялық қызмет бойынша тегін кеңес Қазақстандағы инвестициялық қызмет бойынша тегін кеңес
Инвесторларға визалық қолдау Инвесторларға визалық қолдау
Инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қолдау Инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қолдау
Мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу үшін алаңдарды ұйымдастыру Мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу үшін алаңдарды ұйымдастыру
Инвестициялық жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу Инвестициялық жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу
Қазақстан өңірлерінде инвесторларды қолдау Қазақстан өңірлерінде инвесторларды қолдау
Инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу Инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге