"SARTAY SU" ЖШС
"SARTAY SU" ЖШС-бөтелкедегі минералды емдік-асханалық су мен алкогольсіз сусындар өндіретін жаңа өндірістік кәсіпорын болып табылады.
Компанияның басты міндеті Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының аумағында қолданылатын заңнамалық-нормативтік талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз және пайдалы сусындар өндіру болып табылады.
Өндірістік кешен құрамында ұңғымалық суды ұқыпты тазарту жүйесі бар, тұтынушы ағзасына бірегей, қажетті және пайдалы микроэлементтік табиғи құрамды сақтауға арналған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Өнім ассортименті 0,33 л, 0,5 л, 1,0 л және 1,5 л ыдыс көлемінде ПЭТ-ке құйылған түрлі алкогольсіз өнімдерді қамтиды.