Іс-шаралар

Астанада инновациялық дрондарының тұсаукесері

Астанада инновациялық дрондарының тұсаукесері

Астана қ., Қазақстан


«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ 2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 09:00-де ЭКСПО халықаралық көрме орталығында (Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) өтетін «Yesil Technology Company» ЖШС шығарған инновациялық дрондардың тұсаукесеріне шақырады.

Іс-шараның мақсаты – әртүрлі қызмет салаларына арналған заманауи төмен биіктіктегі ұшқышсыз ұшатын аппараттардың мүмкіндіктерін көрсету:

Ауыл шаруашылығы: егістік мониторингі, дақылдарды нүктелік өңдеу, бүрку, зиянкестермен күресу және т.б.

Төтенше жағдайлар: авариялық-құтқару, апаттардың салдарын бағалау, орман өрттерінің алдын алу және сөндіру, материалдарды шұғыл жеткізу және т.б.

• Қоғамдық қауіпсіздік: биіктіктегі патрульдеу, түнгі бақылау, жол қозғалысын бақылау, биометриялық технологиялар және т.б.

• Өндірістік сала: электр желілерін тексеру, құбырлардың жағдайын тексеру, объектілердегі қауіпсіздікті бақылау және т.б.

«Yesil Technology» компаниясы ұшқышсыз ұшақтар өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр, бұл Қазақстандағы жоғары технологиялық салаларды дамыту үшін маңызды қадам болады.

Іс-шара бағдарламасына:

• Инновациялық дрондар мен олардың мүмкіндіктерін таныстыру;

• Дрондардың жұмысын көрсету;

• Сараптама есептері;

• B2B сессиялары кіреді.

Іс-шараға бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдарды, инвесторларды және мүдделі компанияларды озық технологиялармен танысуға және серіктестік мүмкіндіктерін талқылауға шақырамыз.

 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 

Асубаев Асылан +7 706 666 69 90 

a.assubayev@invest.gov.kz

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге