KGIR-2023 Тұрақты аймақтық өсуге инвестициялар
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Т.Е.Каюпов бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы, оның ішінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.С.Өтепбаев, «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ Басқарма басшысы Қ.А.Ұзықанов жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR) қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтті, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері, ықпалды саясаткерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты.
KGIR-2023 күн тәртібінде мынадай тақырыптар қарастырылды: қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап ретінде инновациялық технологияларды пайдаланудың жаһандық бастамалары, Қазақстанның ел өңірлері бөлінісіндегі инвестициялық мүмкіндіктері, көліктік әлеует және логистикалық қызметтердің жаңа спектрі, тұрақты өндіріс және экспорттық әлеуетті кеңейту.
KGIR-2023 аясында БҚО әкімдігімен ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды:
1. «Grapheco» ЖШС-мен құны $150 млн металлургия саласы үшін шығыс материалдарын шығару жөніндегі жобаны іске асыру бойынша;
2. «MISPRO» ЖШС-мен құны $7 млн IBC-контейнерлерді (Еурошаршы) және химиялық өнімдерді өндіру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша.
Дереккөз: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі