Медиа орталық

Нариман Төреғалиев Испания елшісімен инвестициялық әріптестік мәселесін талқылады

Нариман Төреғалиев Испания елшісімен инвестициялық әріптестік мәселесін талқылады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Республикасындағы Испания  Корольдігінің  Төтенше және Өкілетті Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты дамыту және инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр өңірдің әкіміне инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды. Негізінен Батыс Қазақстан облысы  ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы бойынша жобаларды іске асыруға қолайлы өңір. Осы орайда біз бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз» - деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Испания елшісі Батыс Қазақстан өңірінің мүмкіндігін ескере отырып, мал шаруашылығы, жылыжай салу, тамшылатып суару әдісін дамыту, сондай-ақ, көгілдір отынды қайта өңдеу бағытындағы жобалары туралы айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыты бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге