Оралда инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар өтті
Бүгін Орал қаласында Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов сөз сөйледі.
Семинар жеңілдіктерін, арнайы экономикалық аймақтардағы жұмысты және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін талқылау үшін ұйымдастырылған.
«Үкімет пен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл инвестициялық тартымдылыққа тікелей әсер етеді, инвесторлардың сенімін арттырады және ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалайды», – деп атап өтті Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ – инвесторлармен өзара іс-қимыл және жұмыс тұрғысынан жүйедегі орталық буын, ол бірыңғай байланыс нүктесі ретінде қызмет етіп, инвестициялық келісімдерге өтінімдерді қабылдаудан бастап, жобаларды барлық кезеңдерінде іске асыруды қолдауға дейін кең ауқымды қызметтерді ұсынады.
Сондай-ақ, Арман Ақсубаев Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа туралы айтты, ол қазіргі уақытта сомасы шамамен 80 трлн теңге құрайтын 1300-ден астам жобаны онлайн бақылауды қамтамасыз етеді. Биылғы жылы Платформа инвестициялық келісімшарт процесін толығымен цифрландырады.
Семинарда баяндамалар тыңдалды: «Бәйтерек» ҰИХ Басқарушы директоры Алия Мұрзағалиева бизнес үшін қолжетімді жаңа қолдау құралдары туралы айтты, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарушы директоры Қасым Мұханбетов ірі көлемді жобаларды несиелендіру бойынша инвесторларды қолдау шаралары туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Атамекен» ҰКП және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері сөз сөйледі.
Содан кейін қатысушылар «Белес-Агро» ЖШС-де ұн өндірісін кеңейту және «Uralsk Offices» ЖШС-де қонақ үй салу бойынша инвестициялық жобалардың барысымен, сондай-ақ «Уральскагрореммаш» АҚ арнайы жабдықтар мен металл өңдеу зауытының қызметімен танысты.