Медиа орталық

Ауыл шаруашылығына инвестиция

Ауыл шаруашылығына инвестиция

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу қажеттігіне үнемі назар аударып, бүкіл әлемде азық-түлік бағасының өсуі аясында Қазақстан өзінің Ауыл шаруашылығын дамытуға тиіс екенін атап өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Тасқала ауданының әкімі Бауыржан Айтмағамбетов өзіне сеніп тапсырылған аумақта қандай бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жылдан жылға ауданда егіс алқаптары ұлғаюда, ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған халық саны өсуде.

Бірақ аудан экономикасын дамытудың негізгі кепілі-инвестиция тарту. Ауданда жалпы сомасы 1 млрд 247 млн теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, "Taskala-ET BKO" ЖШС-нің «бордақылау алаңы» жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жобалық қуаттылығы 7500 басқа дейін жеткізілді, 12 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Тасқала Марқа» ЖШС Ұсақ мал өсіруге арналған бордақылау алаңын салу жобасын жүзеге асыруда. Жобаның құны 200 млн теңге.

«2022-2025 жылдарға арналған сүт белдеуін құру жөніндегі жол картасын іске асыру» Жоспарына сәйкес  «Луч»  ЖШС,  «Арғымақ» ШҚ және «Нұр» ШҚ өздерінің сүт өнімдерін аудан мен облыс аумағында сатады. Сонымен қатар, «Қоныс» және «Аманбаев» шаруа қожалықтары, "Брат М" ЖШС және "достық Агро" ӘКК жалпы сомасы 147,5 млн.теңгеге 4 жобаны, сүт өндіру бойынша 4 жобаны жүзеге асыруда.

Жүн мен жануарлардың терісін қабылдау мен өңдеуді ұйымдастыру мәселесін шешу мақсатында  "Гиметдинова" ЖК жүн, тері және сүт өңдеу цехын ашуға ниетті. Осы мақсатта аукцион арқылы аталған ЖК 5 га жер алды. Жобаның құны 200 млн теңге.

Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округінде көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жоспарлануда. Жобаны "Ақтау ауылы" ЖШС 2023 жылы жүзеге асырмақшы. Жобаның құны 200 млн теңге.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы өңірде «жасыл белдеу» жобасын іске асыру басталды. Тасқала ауданында жоба аясында 252 га бақша егілді. Оның ішінде 107 гектар картоп, 115 гектар көкөніс, 30 гектар бақша дақылдары егілді.

«Менің аулам – менің бақшам» жобасына 2021 жылы ауданның 315 тұрғыны қатысты, 9 мыңға жуық ағаш отырғызылды, биыл 9615 жеміс-жидек ағашын отырғызу жоспарланған. Көктемде барлығы 6172 ағаш отырғызылды, оның ішінде 2925 алма ағашы, 150 қара өрік, 3235 таңқурай бұтасы, 3305 өзге де жеміс-жидек екпелері.

Осы жылдың сәуір айында Орал қаласының саяжай кооперативтерімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде аудан орталығында және Шежін ауылдық округінде жеміс ағаштарын сату бойынша жәрмеңкелер үш рет ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде барлығы 937 жеміс-жидек көшеттері сатылды.

Бау-бақша саласындағы өзекті мәселелердің бірі суды тиімді пайдалану болып табылады. Осы мақсатта ауданда тұрақты түрде шаруашылықтар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта суды үнемді пайдалану мақсатында "Шевченко", "Ишанғалиев" және "Киреев" шаруа қожалықтары 15,5 га бақтар мен бақшаларды суару үшін тамшылатып суаруды қолданады.

Ауданда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында "Жасыл Аймақ" бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында 1100 гектарға көшет отырғызу жоспарланған, көктемде 1,6 гектарға 5500 түп ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы ауданда облыстық орман шаруашылығы мекемесінің филиалын құру үшін жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары басталды.

Жадыгер Құсайынов,

zhaikpress.kz

Дереккөз: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге