Медиа орталық

БҚО-да халықаралық франшиза бойынша қонақ үй салынады

БҚО-да халықаралық франшиза бойынша қонақ үй салынады

Оралда "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен HILTON халықаралық франшизасы бойынша қонақ үй салынады. Тиісті меморандумға ұлттық компания мен "GRAND HOTEL Service" ЖШС арасында қол қойылды.

Инвесторлар атап өткендей, жобаны іске асыру 125 нөмірлі қонақ үй құрылысын қарастырады (92 стандарт, 20 апартамент, 10 класс люкс, 1 президенттік, 2 мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін). Қонақ үй кешенінің жалпы 8.200 ш. м. құрайды. Сондай-ақ 4.200 ш.м. болатын жеке тұрған заманауи бизнес-орталығы салынбақ.

Инвестицияның жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2021 жылы тапсыру жоспарлануда. Құрылысқа 300-ге жуық қазақстандық мамандарды тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, 200-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысының негізгі туристтік ағыны іскерлік және кәсіби топтардың өкілдерінен тұрады, бұл туристердің жалпы санының 70%-ын құрайды. Жобаны іске асыру өңір экономикасының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде жұмыспен қамтуды, қонақ үйлердің нөмірлі бірліктерінің санын және облыс бюджетіне түсетін кірістерді арттырады.

Бүгінгі күні «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ пайплайнында Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпы құны $1,5 млрд болатын 4 жоба бар. Олардың 2-сі газ-химия саласында, ал қалған жобалар мұнай-химия және жылжымайтын мүлік саласында іске асырылып жатыр

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге